22 жастағы Новосібірлік қыз соған қарамастан құрылыс саласында жұмыс істеп, хоккей ойнайды. Ол туғанында бір қолы болмаған екен.
– Туғанымда оң қолымның шынтағына дейін болмапты. Анамның айтуынша, соған қарамастан барлық нәрсені оң қолыммен істеуге тырысыппын. Бірақ одан ештеңе шықпаған соң, солақай болуға тура келді. Өзгелерден қысылмас үшін протезді кішкентайымнан тақтым. Сөйтіп, жыл сайын ауыстырып тұрамын, – дейді Виктория Красавина.
– Ең алдымен өзіңді құрметтеу керегін түсіндім. Конькиге жазылып, сырғанауды да, хоккей ойнауды да үйрендім. Институтқа да түстім. Қазір құрылыс-инженері болып жұмыс істеп жүрмін. Болашақта құрылыс алаңында прораб болсам деймін, – деді ол.
Бойжеткеннің ендігі арманы – бионды протез алу. Бұл протездің артықшылығы – бұлшық еттің қимылдауы арқылы ол да қозғалады. Ал қазіргі протезі манекен қуыршақтың қолы секілді бір қалыпта ғана.
Арманын жүзеге асыру үшін Вика TikTok –тан өз аккаунт ашып, жазылушыларын көбейте бастаған. Бүгінде оның саны 30 мыңнан асты. Ол парақшасында медициналық тексерістің қалай өтетіні, достарына қалай әзілдеп, ойнайтыны және протезсіз өмірі қалай өтетіні жайында видео түсіреді. Оның кейбірі ғаламторға кеңінен тарап, әп-сәтте 100000-нан астам қаралым жинағаны да бар.