Санитарлық нормаларды бұзғаны үшін мейрамхана иесімен бірге асаба, әнші, қонақтар да жауапқа тартылады
Санитарлық нормаларды бұзғаны үшін мейрамхана иесімен бірге асаба, әнші, қонақтар да жауапқа тартылады
340
оқылды

Батыс Қазақстан облысыда санитарлық нормаларды бұзғаны үшін енді мейрамхана иелерімен бірге асаба, әнші және келген қонақтар да жауапқа тартылатын болды.

Өткен демалыс күндері мониторингтік топ мүшелері карантиннің бес бұзылуын, оның ішінде бұқаралық іс-шараларды өткізудің екі фактісін анықтады. 60-қа жуық қонақ жиналған салтанатты шара «Айбат» мейрамханасында өтті. Бұл мекеменің иесі жауапқа тартылды, ал қонақтар үйге кетіп үлгірген еді. Енді БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев шараға келген қонақтарды да жауапқа тартатынын жеткізді.
– Енді, осы демалыс күндерінен бастап, жаппай іс-шараны өткізу анықталған кезде біз тек үй-жайдың иесін  емес, музыканттарды, тамаданы, сондай-ақ қонақтарды да жауапқа тартатын боламыз. Содан кейін материал жергілікті полиция қызметіне жіберіледі, ал сол жерден айыппұл салу үшін СЭС-ке жіберіледі. Сонымен қатар, музыканттар мен тамада заңды тұлға ретінде жауапқа тартылады. Біз адамдар бұқаралық іс – шараларға бармас деп ойладық, бірақ бұл болмады, сондықтан біз осындай шараларға баруға мәжбүрміз, – деді Мониторинг тобының жетекшісі Аслан Жармұханов.
Соңғы уақытта елімізде ауру жұқтырғандар саны күрт өсіп кетті. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 822 адам тіркелді.