Елордадағы дәмханалардың бірінде жарылыс болып, бір адам қаза тапты
Елордадағы дәмханалардың бірінде жарылыс болып, бір адам қаза тапты
166
оқылды

Санаулы сағаттар бұрын елордадағы дәмханалардың бірінде жарылыс болды. 12.25-те Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Шұбар шағын ауданындағы дәмхана ретінде қайта жабдықталған коттеджде газ баллон жарылғаны туралы хабарлама түсті.

Дәмхана қаланың сол  жағалауындағы тұрғын үйлер жанында орналасқан. Қазір нысандағы өрт сөндірілді. Оқиға орнында бір қыз қаза тапты. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлауынша, жарылыс кезінде қыз үйінділердің астында қалған. [embed]https://youtu.be/JyVuPaeFFuM[/embed] Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген бойда үй-жайдың ішінде 15 газ баллон бар екені анықталды. Жарылыс салдарынан ас үйдің шатыры құлаған. Құтқарушылар 15 баллонды алып шықты. Алдын ала мәліметтер бойынша бір адам оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар жедел-медициналық көмек бригадасы 19 адамды қарап жатыр. Көлемі 20 шаршы метр өрт сағат 12.58-де сөндірілді. Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД то, Апаттар медицинасы орталығының күштері мен құралдарынан 34 құтқарушы және 10 бірлік техника жұмылдырылды. Адамдар тоңып қалмас үшін қала әкімдігі және ТЖ департментімен КУНГ—көлігі мен автобус жіберілді. Оқиға орнында жедел штаб құрылды, психологиялық көмек беру және ақпараттық қолдау үшін жедел желі телефоны қосылды 24-51-71, 24—51—47. https://www.youtube.com/watch?v=z13di-gcvkA&feature=emb_logo&ab_channel=AizhanaTugelbayeva