Ауғанстан астанасы Кабулда бірнеше миномет снаряды жарылды. Бұл туралы Aikyn.kz«Хабар 24» сайтына сілтеп хабарлайды.
Миномёт тұрғын үйлер мен аурухана ғимаратына түскен. Салдарынан 8 тұрғын қайтыс болды. Тағы 31 азамат жарақат алған. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі хабарлады. Аталған ведомствоның мәліметінше, Кабулдың әр бөлігінде жалпы саны 23 миномет снаряды жарылыпты. Бәрі екі көлікке орнатылған көрінеді. Қазір жарылғыш заттардың қала аумағына қалай кіргені анықталып жатыр. Әзірге шабуылға қатысты жауапкершілікті ешкім өз мойнына алмады.