Жылдың үздік музыканты анықталды
Жылдың үздік музыканты анықталды
238
оқылды
Жылдың хип-хоп орындаушысы атағы Lil Baby-ге бұйырды. Бұл туралы Apple компаниясының сайты хабарлайды.

«Бұл жыл менің өзгеруіме сеп болды. Қазір дауысымды музыкам арқылы жеткізе алатынымды сеземін. Сондықтан жанкүйерлеріме және олармен байланыс жасауға мүмкіндік берген Apple Music-ке алғыс айтамын», – дейді музыкант.

Ал рэпер Megan Thee Stallion «Жыл жаңалығы» атанды. Оның Бейонсе және Карди Бимен бірге жазылған әндері Apple Music-те 300 миллион рет тыңдалған. Тейлор Свифтке әннің үздік авторы атағы бұйырды. Оның folklore альбомы Apple чарттарында көпке дейін топ бастап тұрған. «Үздік ән» номинациясында The Box трекімен рэпер Родди Ричке тең келер ешкім табылмады.