Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?
191
оқылды

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Бірақ ауа райы құбылмалы болып, республиканың кейбір аймағында циклонның әсерінен кей жерлерде қар жауады. Батыста, оңтүстік-батыста қар жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Оңтүстікте жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын болуы да мүмкін. Желдің екпіні секундына секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріңде тұман түсуі ықтимал.