Тоқаев Nur Otan партиясы халықты үнемі қолдайтынын айтты
Тоқаев Nur Otan партиясы халықты үнемі қолдайтынын айтты
187
оқылды

Жиында Мәжіліске арналған партиялық тізім, сондай-ақ жұмыс органдарының құрамы мен өзге де өзекті мәселелер қаралуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бүгінгі таңда «Nur Otan» партиясы елдің басты саяси күшіне және халықтың өміріне жауапты партияға айналды. Партия халықты үнемі қолдап отырады. Партия халықтың әлсіз топтарын қолдайды. Бүкіл әлем жаһандық өзгерістер дәуіріне аяқ басты. Бұрынғы өсу қарқынын қалпына келтіру үшін үлкен күш қажет. Жауапты азаматтардың қолдауының арқасында біз тұрақтылықты сақтадық. Біз біргеміз ұраны қазақстандық патриотизм формуласына айналды, – деді Президент.

Сонымен қатар алдағы сайлаудың маңыздылығына тоқталды. «Алдағы сайлау бүкіл қоғам үшін ерекше маңызды. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасында және ұлт жоспарында тұжырымдалған жүйелік жаңғыртуға серпін беру керек. Сол мақсатта біз 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын қабылдап жатырмыз. Бұл нақты, құнды құжат. Экономикадағы қиындықтарға қарамастан, «Nur Otan» үкіметпен бірге алдағы бес жыл ішінде бағдарламаны жүзеге асыруға 21 трлн теңгені жұмылдыруды жоспарлап отыр. Бағдарлама елдің әлеуметтік прогресі мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты шаралар кешенін ұсынады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.