Съезде әлеуметтік салаға ерекше басымдық берілетіні айтылды.
«Бағдарламада көмекке мұқтаж жандарға ерекше назар аудару керектігі атап өтілген. Әлеуметтік көмекті индексациялауға 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінеді, зейнетақы да индекстеледі. Мүгедектер арнайы техникалық құрылғылармен қамтамасыз етіледі. 2025 жылға қарай жұмыс істейтін мүгедектер саны 35% құрайды. Бес жыл ішінде колледждер мен университеттер инклюзивті біліммен толық қамтамасыз етіледі.
Магистранттар мен докторанттарға арналған стипендия 1,5 есеге өседі. Бизнес саласындағы әлеуетті идеяларды жүзеге асыру үшін жас кәсіпкерлерге жыл сайын 10 мың грант бөлінеді. Балалардың бос уақытын және шығармашылық әлеуетін дамытуды қамтамасыз ету үшін әр мектепте жағдай жасалады. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бойынша шаралар қабылданатын болады», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.