Съезде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы шағын және орта бизнеске қолдау көрсетілетінін айтты.
«Сот жүйесін модернизациялауға назар аударылады.Бизнеске кез келген кедергі ауыр қылмыс болып саналады. Шағын және орта бизнеске қолдау көрсетілетін болады. 2025 жылға қарай ШОБ 4 миллион қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз етеді. Тағы бір қиындық – аймақтардағы өмір сүру деңгейін жақсарту. Экологиялық проблемаларды шешу шаралары жалғасады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.