Алматыдағы адам өлімі: Ішімдік ішіп, көлік жүргізген әйел ұйықтап кеткен
Алматыдағы адам өлімі: Ішімдік ішіп, көлік жүргізген әйел ұйықтап кеткен
339
оқылды

Алматыда мас күйде көлік айдаған әйел жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«Территория происшествий»  бағдарламасы хабарлағандай, жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болған.

Жол апаты MEGA Alma-Ata СОО-ға қарама-қарсы жолда болған. Куәгерлердің айтуынша, Hyundai автокөлігі Розыбакиев көшесінің бойымен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатқан. Көлік тізгінінде 1992 жылғы әйел отырған. Болжам бойынша, ол ұйықтап қалып, көлік жол жиегіне шығып кетіп, сауда ойын-сауық орталығының автотұрағына кіре берісте жаяу жүргіншіні қағып кетті.


apat.jpeg

Фото: «Территория происшествий» бағдарламасынан алынды 

Жүргізуші жеңіл жарақат алған. Медициналық тексерістен кейін әйелдің мас болғаны анықталды. Қайтыс болған азаматтың кім екені анықталып жатыр.