Алматы: Жол шетіндегі жаяу жүргіншіні қағып кеткен мас әйел ұсталды
Алматы: Жол шетіндегі жаяу жүргіншіні қағып кеткен мас әйел ұсталды
237
оқылды

Алматыдағы сауда үйінің маңында жаяу жүргіншіні қағып кеткен әйел ұсталды.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, әйел адам рульге ішімдік ішіп отырған. «Hyundai маркалы автокөліктің жүргізушісі, 1992 жылғы С. есімді азаматша мас күйде жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі «Автомобиль, троллейбус, трамвай не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», — деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығына қарама-қарсы жолда жол-көлік апаты болғанын айтқан болатынбыз.