Орал: 60 джипті жалдап, серуендеуге не түрткі болғаны анықталды
Орал: 60 джипті жалдап, серуендеуге не түрткі болғаны анықталды
258
оқылды

Оралда ер адам 60 джипті жалдап, қала ішінде серуендегенін жазған болатынбыз.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға «Самал-1» ықшамдауданында болған. «Арасан» саунасы маңына автокөліктердің жиналып жатқаны жөнінде хабар түскен. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері оқиға орнына жеткен кезде ер адамның джиптерді жалдап, қалада серуендеп жүргені анықталды.

«Мой город» басылымының жазуынша, ер адам отбасындағы кикілжіңнен кейін осындай қадамға барған. Тұрғын қалалық полиция басқармасына жеткізілгеннен кейін есін жиып, 60 көлік жалдағанына өкінішін білдірген. Бірақ ол жол ережесін бұзбаған. Тергеуден соң үйіне жіберілді.