Павлодар облысының Ақсу қаласындағы Қарттар мен мүгедектерге арналған әлеуметтік орталықта 28 адам коронавирус жұқтырған.
Pavlodarnews.kz мәлімдеуінше, алғашқы жағдай 28 қараша күні тіркелген. А Аймақтың Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерінің айтуынша,
Тексерістен өту үшін емханаға орталықтың санитар қызметкері жүгініп, одан коронавирус анықталған. Сол күні әйелмен жақын байланыста болған екі қызметкер де қамқорлыққа алынды. 34 адам ПТР-тест тапсырды. 29 қарашада мекеменің үлестірушісі емхананың мобильді тобына жүгінген. ПТР-тексерістен 70 адам өтті, оның 69-ы қамқорлыққа алынған тұлға.
«2020 жылғы 4 желтоқсандағы жағдай бойынша Ақсудағы Қарттар мен мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында COVID-19 жұқтырудың 28 оқиғасы тіркелді. 22-сі қамқорлыққа алынған тұлға, 19-ында ауру симптомсыз өтуде. Сондай-ақ коронавирус алты қызметкерден анықталды, олардың екеуінде індет белгілері бар. Сырқаттанған азаматтардың барлығы ауруханаға жатқызылды. Тағы төрт қызметкер – үй карантинінде», - деді мекеме өкілдері.
Жалпы мекемеде 195 тұрғын мен 38 қызметкер бар. Барлығы COVID-19-ға тест тапсырған.