Латвияда арамшөптерді лазермен жоятын робот ойлап табылды
Латвияда арамшөптерді лазермен жоятын робот ойлап табылды
337
оқылды

Латвия жаратылыстану ғылымдары және технологиялар университеті арамшөптерді нейрондық желі арқылы танып, оларды лазермен жоятын роботтың прототипін жасады. «Робби» жерді өңдеудің тиімділігі бойынша ауылшаруашылық химия қоспаларымен әлі бәсекеге түсе алмайды. Бірақ оның қоршаған ортаға зияны анағұрлым аз. Жобаны Еуропалық Одақ қаржыландырады және барлық нәтижелері баршаға қол жетімді болуы үшін жарияланып отырады. Кез - келген адам оларды өз бизнесіне немесе стартапта пайдалана алмақ.