Атырау қаласының тағы карантинге жабылуы туралы сұраққа облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Амантай Жұмағалиев жауап берді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Күні бүгін ауру жұқтыру көрсеткіші қатаң шара қабылдайтындай жағдайға жеткен жоқ. Дегенмен Атырау облысы, қала тұрғындары мен қонақтарынан шектеу шараларын қатаң сақтауды сұраймын. Мерекелік шараларға қатысудың және ұйымдастырудың қажеті жоқ. Сақтану шараларын қатаң ұстану арқылы ғана қауіпті індеттің таралуын тоқтата аламыз» деді бас санитария дәрігері Амантай Жұмағалиев.