Ұтымды ұсыныстар айтылды
Ұтымды ұсыныстар айтылды
301
оқылды

Nur Otan партиясының орталық аппаратында Jas Otan Жастар қанатының 2025 жылға дейінгі Jastar – Otanǵa! бағ­дар­ламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының ке­зекті отырысы өтті.

Жиында Jas Otan Жастар қанатының 2025 жылға дейін жоспарланған бағдарламасына идеялар мен ұсыныстарды бірлесіп дайындауға бағыттал­ған жұмыс тобының негізгі қызметі талқыланды. Оты­рыс кезінде Jas Otan Жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек жұмыс жоспарының маңыздылығына ерекше тоқ­талды. Сондай-ақ оты­рыс­қа қатысушылар бағдарламаның мақсатын бірлесе жүзеге асы­рудың тиімділігін сөз етті. Олардың қатарына, жас­тар қанатының даму векторын айқындау, жастарды әлеу­мет­тендіру үшін нақты тетік­тер мен механизмдерді да­йын­дау, ауыл жастарына арнал­ған әлеуметтік лифт­ті дамыту, жастардың пат­риот­­тық тәрбиесін күшейту, жас спортшыларға, шығарма­шы­л­ықпен, ғылым-біліммен айналысатын жастарға қолдау көрсету, жергілікті сайлау органдарында жастардың үле­­сін арттыру, отбасы инс­ти­­тутын нығайту секілді жұ­мыст­ар кіретіні айтылды.

Айта кетейік, жұмыс тобы­­ның құрамына Мәжіліс депутаттары, партия басшы­лығы, уәкілетті орган өкілдері, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, жастар ұйым­дарының өкілдері, шы­ғар­машыл жастар, спортшылар және жас кәсіпкерлер кіреді.

Бағдарламаны дайындау аясында 5 кездесу өтеді деп жос­парлануда. Сондай-ақ жа­с­­тар мәселелерін мұқият зерт­теу және бағдарлама бо­йын­ша шешімдер мен ұсы­ныс­тарды әзірлеу үшін, шақы­рыл­ған сарапшылар мен мүше­лер «Білім», «Еңбек және кәсіп­ті­лік», «Бақытты отбасы» сияқ­ты салалық топтар бойын­ша жұмыс істейтін болады. Әр­бір топ Jastar–Otanǵa! 2025 жыл­ға дейінгі Jas Otan Жастар қанатының қорытынды бағ­дар­ламасына ұсыныстар әзір­лейді. Жастар тарапынан ке­ліп түсетін идеялар мен ұтым­ды ұсыныстар әлеуметтік желілер, мессенджер және БАҚ арқы­лы жиналады. Сонымен қа­тар Еуропа мен Америка ел­де­рі жастар ұйымдарының тә­жі­рибесі зерттеліп, жастар көп шоғырланған кездесу­лер­де, жұмыс орындарында, студенттік кездесулерде, та­қы­рып­тық алаңдар мен сес­сия­ларда талқыланатын бо­ла­ды. Қорытынды құ­жат 2020 жылы Jas Otan Жас­тар қанатының съезінде қабылданады.