Коронавирус қыспаққа алғалы бері адамдардың күйзеліске түсіп қалатын кезі жиіледі. Осы ретте Ресейде жылқы терапиясы бағдарламасы іске қосылды.
Бағдарламаға сай атқа міну тегін. Әзірше 100-ге жуық адам ниет білдірген. Атпен серуендегендер жылқы терапиясының күйзелістен арылуға көп көмегі тигенін айтады.
«Бағдарламаға қатысып жатқан волонтерлер коронавирус жұқтырған қарт кісілерге және өзін-өзі оқшаулауға мәжбүр болған тұрғындарға көмек көрсеткен. Әрине, бұл адамның эмоционалдық жағдайына әсер етпей қоймайды. Сондықтан волонтерлер мен медициналық қызметкерлерге арнап осындай бағдарламаны қолға алдық. Жылқы терапиясынан кейін қатысушыларымыз көңіл-күйінің жақсарғанын айтты» дейді психолог Ольга Кривозубова.