Павлодарда көтерме-бөлшек сауда дүкенінде өрт шықты.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өрт 13 желтоқсанда сағат 13.30-да 101 пультіне Павлодар қаласының "Ласточка" көтерме-бөлшек сауда дүкенінде, бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас бір қабатты ғимаратта шыққан. Өрт сөндірушілер келген бойда азық-түлік бөлімінің бутиктері, поликарбонаттан жасалған пластик шатыры жанып жатқаны анықталды.
Өрт сөндірушілер баспалдақ маршы бойынша 70 адамды, оның ішінде 17 баланы эвакуациялады", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен келтірілген залал анықталып жатыр.
Өрт көлемі 350 шаршы метр. Тілсіз жау сағат 14.46-да ауыздықталып, 15.06-да сөндірілді.