Маска тақпаған Чили президентіне айыппұл салынды. Бұл туралы Вальпараисо аймағының Денсаулық сақтау министрлігі Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
Чили Президенті Себастьян Пинераға қоғамдық орында маска тақпағаны үшін 2,5 миллион песо (шамамен 3,5 мың доллар) айыппұл салынды.
Бұған дейін елдегі резонанс - Чили Президенті жағажайда бейтаныс қызбен бетпердесіз селфи жасаған кадрдың желіде пайда болуынан туған еді.