Бүгіннен бастап Талдықорғандағы мектептердің барлығы қашықтан оқу жүйесіне көшірілді.
«Хабар 24» жарияланғандай, кезекші сыныптар жабылып, оқушылар 20 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында онлайн оқиды.
Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты қалалық мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы шықты. Соған сәйкес білім ордаларында қауіпсіздік талаптары күшейтіліп отыр.