«РИА Новостидің» жазуынша, Ресейде жолаушылар автобусы көпірден құлады. Қаза тапқандардың саны 19-ға жетті.
Оқиға салдарынан тағы 21 адам түрлі жарақат алған. РФ Жол полициясының мәліметінше, оқиға 1 желтоқсанда Забайкалье аймағынан 60 шақырым жерде орналасқан Могойтуй - Сретинск - Олочи автожолында болған. Сретинск - Чита бағытындағы автобуста 43 жолаушы болған.
«Алдыңғы дөңгелек сынып қалғаннан кейін қозғалыс бағытындағы автобус оңға қарай шығып, содан кейін Куэнга өзеніне аударылып кеткен» делінген хабарламада.
Апаттың себебі анықталып жатыр.