Халық пен билікті жалғайтын алтын көпір
Халық пен билікті жалғайтын алтын көпір
281
оқылды

Қоғамдық қабылдау – халық пен билік арасын жақындату бағытында қолға алынған үздік жоба. Мұнда партия халықты ашық форматта қабылдайды және бірінші кезекте тұрғындардың өтініші мен құқықтары басты назарға алынады. Сондықтан арнайы қоғамдық қабылдау бөлмелерінде тұрғындардың талап-тілегі тыңдалып, арыз-шағымы, өтініштері бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.

Nur Otan партиясының Рес­публикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде осы кезге дейін бір­неше қабылдау өтті. Лауазымды тұлғалар, атап айтқанда, ми­нистр­лер, депутаттар, басқарма басшылары тұрғындарды тұрақты түрде қабылдап, бірқатар мә­селелер оң шешімін тапты. Тұр­ғындарды толғандырған түйткілді мәселе мен олардың тарапынан айтылған өтініш-тілектердің, сондай-ақ қабылдауға келген тұрғындардың да есебінде шек жоқ. Осы орайда, қоғамдық қа­былдаудың жыл бойы атқарған қызметін білу мақсатында 2019 жыл­дың 10 айының қоры­тын­ды­сын алған болатынбыз.

Есепті кезеңде қоғамдық қа­былдау бөлмелеріне 166 мың адам жүгінген. «Электрондық құжат ай­налымы» ақпараттық жүйе­сін­де 84 мыңға жуық өтініш тіркелді. Оның 38%-ы (32,2 мың) оң ше­ші­мін тауып, 54%-ы (45 мың) нақ­тыланды. Сондай-ақ нау­қан­дар, тақырыптық және көшпелі қабылдаулар кезінде 58 мың азамат өтініш білдірген. Жалпы, партияның Call-орталығына 23 мыңға жуық қоңырау келіп түс­кен. Сұраныстардың көпшілігі Республикалық қоғамдық қа­был­дау бөлмесіне тиесілі – 9,3 мың (11%). Қостанай – 7,1 мың, ал Алматы об­лыстарында 6,4 мың өтініш жасалған.

Белгілі болғандай, елордадағы Республикалық қоғамдық қабыл­дауда көтерілген ең өзекті мәсе­лелердің 30%-ы әлеуметтік қам­сыздандыру, 18%-ы тұрғын үймен қамтамасыз ету және жеке тұрғын үй құрылысына жер бөлу, 15%-ы еңбек дауы және жалақы төлемеу, 12%-ы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері болған. Бүгінге дейін 35 мың қабылдау өткізіліпті. Оған 93,5 мың адам қатысқан екен. Ал Саяси кеңес бюросы мүшелерінің қабылда­уына 24 адам жазылып, талап-тілегі тыңдалды. Сондай-ақ орта­лық мемлекеттік органдардың басшылары да 64 қабылдау өткізіп, 701 адамды қабылдады. Қабылдау нәтижелері бойынша 312 мәселе оң шешімін тауып, 276-ы бойынша түсіндіру жұмыс­тары жүргізілді.

Республикалық қоғамдық қа­былдау бөлмесінде партиялық фракция мүшелері – Мәжіліс де­путаттары 51 қабылдау өткізіп, 431 адамның мәселесін тыңдады. Оның ішінде 131 мәселе (31%) шешіліп, 187-сі нақтыланды. Қа­былдау кезінде көтерілген өзекті мәселелер: тұрғын үймен қамта­масыз ету және жеке тұрғын үйге жер учаскелерін бөлу, қарыздарды өтеу, қаржылай көмек және т.б. мәселелер. Ал облыстардың, Ал­маты, Нұр-Сұлтан және Шым­кент қалаларының әкімдері осы жылдың басынан бастап партия филиалдарында 81 кездесу ұйым­дастырып, 351 адамды қабылдады. Нәтижесінде, 227 мәселенің күр­меуі тарқатылды.

– Nur Otan партиясы адамның беделі мен құқығы, игілігі мен заңды мүдделерін басты құн­ды­лық деп есептейді. Партияның бү­кіл іс-әрекеті халықтың мүд­де­сін қорғауға бағытталған. Ал қо­ғамдық қабылдау – халықтың әр алуан мәселелерін шешуге ар­нал­ған алаң. Бізге көп азамат түр­лі мәселелермен хабарласады. Біз­дің міндетіміз – атқарушы және құқық қорғау органдарын тар­та отырып, азаматтардың мә­се­ле­лерін оңтайлы шешуге кө­мек­­тесу. Сондықтан орталықта аза­мат­тардың өтініш-тілегі, ұсы­нысы егжей-тегжейлі қарас­ты­ры­лады. Аталған жұмыс осы жылы күшейе түсті. Елбасы – Nur Otan пар­тиясының Төрағасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың таяуда Саяси ке­ңестің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасы аясында бір­қатар ауқымды жұмыс атқарылды. Осы уақыт аралығында Премьер-Министр Асқар Мамин мен Пар­ламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева азаматтарды қабылдады. Nur Otan партиясы қоғамдық қабылдауының негізгі артықшылығы – тұрғындарды мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен бетпе-бет жүз­десіп, талабын, тілегін айта ала­ды. Өтініш айтып келген адам риза болып, қуанып қайтса, бұл бізді екі есе қуанышқа бөлейді. Осы арқылы өз жұмысымызға ба­ға береміз, – дейді Республи­калық қоғамдық қабылдау кон­суль­танты Бауыржан Қасабеков.

Жалпы, қоғамдық қабылдау 4 бөлімнен тұрады: бірыңғай үй­лестіруші орталық, Call-орталық, тұрғындармен және әлеуметтік желілермен жұмыс істейтін бө­лімдер. Орталықта күн сайын әрбір оператор орта есеппен 120 қоңырау қабылдайды. Консуль­танттар әр минут сайын «Халыққа көмек» жобасы аясында әлеумет­тік желілерде сұрақтарға жауап береді. Еліміз бойынша күніне шамамен 500 адам Nur Otan пар­тиясының көмегіне жүгінеді.

Енді сол қоғамдық қабылдау бөлмелерінде шешімін тапқан бірқатар мәселеге нақты мысал келтіре кетейік. Мәдениет және спорт вице-министрі Н.Дәуешов­тің қабылдауында болған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, 11 баланың анасы Зейнеш Алжим­баева балаларын бокс, қазақ күресі спорт түрлерінің тегін секцияларына қабылдау бойынша өтініш білдірді. Көпбалалы ана­ның тілегін орындау үшін Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасына тап­сырма берілді. Мәдениет және спорт басқармасының жауабына сәйкес, 15 жастағы ұлын тамыз айынан бастап «№7 Балалар мен жасөспірімдердің маман­данды­рылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ қазақ күресі бөліміне және 12 жастағы ұлын «№3 Балалар мен жасөспі­рім­дердің мамандандырылған олим­пиадалық резерв мектебі» КММ бокс бөліміне қабылдады.

– Екі ұлым да спорттық сек­цияға қатысып жүр. Жарыстарға қатысып, жүлдегер атанып үлгер­ді. Маған қолдау білдірген, ұлда­рымның жағдайын жасауға жәр­демдескен партиялықтарға ал­ғысым шексіз. 11 баланы асырау да оңай емес екенін білемін. Олар­дың бәрінің бірдей қала­ға­нын орындай алмайтын кездерім де жиі болады. Сол кезде мен олар­ға бәрін байыппен түсінде­ремін. Құдайға шүкір, осы қа­былдаудың арқасында көптеген күрмеулі мәселе шешімін тауып жатыр. Бұл – қоғамдық қабыл­даудың игілігі, – дейді Зейнеш Алжимбаева.

Атаулы әлеуметтік көмек та­ғайындау мәселесі бойынша көмекке жүгінген көпбалалы ана Гүлзар Әшім бұған дейін қалалық әкімдікке АӘК тағайындау тура­лы өтініш білдірген екен. Бірақ 6 баланы тәрбиелеп отырған жал­ғызбасты анаға ешқандай көмек көрсетілмеген. Бұл мәселе де Рес­­публикалық қоғамдық қабыл­дау бөлмесіндегі қабылдау кезінде шешімін тапты. Қала әкімдігіне хат жолдағаннан кейін өтініш берушіге 139 984 теңге мөлшерін­де атаулы әлеуметтік көмек таға­йындалды. Nur Otan партиясының Алматы облысы Талғар аудандық филиалына қабылдауға жазылған Гүлдала ауылының тұрғындары да Талғар ауданының әкіміне балалар алаңын салуға қатысты өтініш білдірген болатын. Аллея құрылысына жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен 19 525 000 млн теңге бөлініп, балалар алаңы салынды.

«Мектепке жол» акциясы басталған кезде Ақтөбе облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтінішпен барған көпбалалы ана Күнсәуле Жамансариева да партиялық­тарға дән риза. «Менің өтінішім­ді аяқ­сыз қалдырмай партия­лықтар балаларыма мектепке даярлық іс-шарасы аясында киім-кешек, аяқкиім, оқу құрал-жабдығын алып берді. Игі іске қалалық мас­лихаттағы Nur Otan партиясы депутаттар фракциясы­ның мүшесі А.Қабиев демеушілік жасады» дейді көпбалалы ана.

Үш ай бойы жалақы алмаған ALC Business Service ЖШС-ның 250 қызметкері партияның Маңғыстау облыстық филиалына жүгінді. Нәтижесінде, партия филиалының базасында ALC Business Service ЖШС басшы­сы­мен заңгерлердің кездесуі ұйым­дастырылды, оның нәтижесі бо­йынша барлық қызметкерге жалпы сомасы 30 миллион теңге жалақы төленген екен.

Иә, бұл біз келтірген мысал­дың бір бөлігі ғана. Қоғамдық қабылдауда мұндай нақты шеші­мін тапқан мәселелер жетіп ар­тылады. Халықтың басындағы күр­меулі мәселелерді шешіп, елдің алғысын арқалаған партия­лықтардың бұл игі бастамасы алдағы уақытта да сәтті жүзеге асады деген ойдамыз.