16 жастағы қыз өзін алып қашқан көліктен секіремін деп көз жұмды
16 жастағы қыз өзін алып қашқан көліктен секіремін деп көз жұмды
5,208
оқылды
Өзбекстанның Наманган облысы Нарын ауданында 16 жастағы қыз өзін алып қашқан көліктен секіремін деп қайтыс болған. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер басқармасына сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. Қайғылы оқиға 20 желтоқсанда болған. 18 және 23 жастағы ер адамдар қызды көлікке отырғызып алып қашпақ болған. Бірақ бойжеткен көліктен секірген кезде алған жарақатынан көз жұмған. Марқұм келесі жылы университетке оқуға түсемін деп дайындалып жүрген екен. Орталық Азия елдерінде қыз алып қашу кең жайылған. Қырғызстанда алып қашқан қызды үйіне қайтару ұят деп саналады да, сол үйге қалдырып кетеді. Бірақ бұл үшін қылмыстық жаза қарастырылған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, соңғы жылдары қыз алып қашу бойынша милицияға өтініш түсірушілер көбейген.