ДДСҰ: Адамзат жаңа сын-қатерлерге дайын болуы керек
ДДСҰ: Адамзат жаңа сын-қатерлерге дайын болуы керек
151
оқылды

2020 жылғы пандемия – адамзат бастан кешіп отырған соңғы індет емес. Сондықтан әлем елдері денсаулық сақтау жүйесін күшейтіп, жаңа сын-қатерлерге дайын болуы керек.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, бұл тұста адамдар мен жануарлардың өзара әрекеттесуін және ауа райының өзгеруінен туындаған қатерлерді ескеру қажет. Қазіргі кезде әлем бойынша коронавирусты 80 миллионнан астам адам жұқтырған. Тек соңғы бір тәулікте 400 мыңнан аса науқас анықталды. Ал өлім саны бір миллион 700 мыңнан асып кетті.