Волейболдан ел біріншілігінің екінші туры аяқталды
Волейболдан ел біріншілігінің екінші туры аяқталды
250
оқылды

Қызылордада волейболдан Жоғарғы лигадағы ерлер командалары арасында ел біріншілігінің екінші туры мәресіне жетті. Додаға Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай, Қарағанды және Қызылорда облыстарының командасы қатысқан болатын. Жарыста барлық санитарлық талап сақталып, кездесулер жанкүйерсіз өткізілген.

Екінші турда Батыс Қазақстан облысынан келген «Жайық» және ақтөбелік «Ақтөбе» командалары жақсы ойын өрнегін көрсетті. Бұл командалар бес кездесуде жеңіске жетіп, турнир кестесінде алғашқы екі орынды өзара бөлісіп тұр. Екінші турда төрт мәрте жеңіске жеткен Шымкент қаласының «Динамо-Қазығұрт» клубы үздік үштікті түйін­деді. Одан кейінгі орындарда Қызылорданың «Қайсар», Алматы облысы­ның «Жетісу-жастар», түркістандық «Динамо-Тұран», қостанайлық «ЧелГУ-Қостанай» командалары келеді. Соңғы орындарда – алматылық «ҚазНАУ» және қарағандылық «Қарағанды» командалары. Жоғарғы лига командалары арасындағы жарыстың бірінші туры қараша айында Орал қаласында өткізілген. Қалған үш туры келесі жылдың ақпан, наурыз және сәуір айларында өтеді.

Мадияр ТӨЛЕУ