Қазақстандықтар елдің саяси өміріне қаншалықты белсенді араласады?
Қазақстандықтар елдің саяси өміріне қаншалықты белсенді араласады?
387
оқылды
Парламент Мәжілісі сайлауы өтетіні туралы жарияланған соң тіркелген барлық саяси партиялар  партияішілік съездер өткізді.  Алты саяси партияның ішінде "Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы" ғана электоралдық науқанға бойкот жариялады.  Сайлау өтетіні туралы хабар, партия алаңындағы жандану қазақстандықтардың қызығушылығын туратыны сөзсіз. Зерттеу нәтижесіне сәйкес сауалнамаға қатысқандардың 65,3% елдің саяси өміріне айтарлықтай қызығушылық танытатыны белгілі болды. Шамамен әрбір бесінші қазақстандық (19,8%)  елдің саяси өмірі туралы жаңалықтарға назар аудармайтыны белгілі болды. Респонденттердің 14,9% ғана саяси жаңалықтарды үнемі бақылап отыратыны белгілі болды. Жалпы алғанда қоғамда Парламент Мәжілісі сайлауы туралы қазақстандықтардың 78,9% біледі. Қазақстандықтардың тек 18,1% ғана Парламент Мәжілісі және Мәслихаттарына депутаттар сайлау туралы бірінші рет естіп тұрғанын айтқан.