Қорқынышты фильмдерге түсетін актриса қайтыс болды
Қорқынышты фильмдерге түсетін актриса қайтыс болды
226
оқылды

Қорқынышты фильмдерге жиі түсетін британиялық актриса Барбара Шелли коронавирустан қайтыс болды, - деп хабарлады SkyNews телеарнасы.

Британиялық актриса Барбара Шелли 88 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Шелли індетті ауруханаға тексерілу үшін жатқан кезде жұқтырған. Актриса Рождествоның алдында екі аптадай ауруханада жатқан көрінеді.

Барбара Шелли 1932 жылы 13 ақпанда Лондонда дүниеге келді. Актриса көбінесе қорқынышты фильмдерге түскен. Барбара Шелли «Дракула: Принц тьмы» (1966) фильмінен кейін танымалдыққа ие болды. Ол фильмде Хелен Кенттің рөлін ойнады. Бұдан бөлек ол «Кровь вампира» (1958), «Деревня проклятых» (1960), «Горгона» (1964), «Распутин: Сумасшедший монах» (1966), «Гордость и предубеждение» (1980), «Женщина-кошка» (2004), «Доктор Кто» (2005), «Мстители» (2012) және тағы басқа фильмдерге түскен.