Қытайда шамадан тыс көп жұмыс істеген 23 жастағы бойжеткен көз жұмды. Марқұм Pin Duo Duo қосымшасында қызмет еткен, - деп хабарлайды МИР24.
Бойжеткен түнгі сағат 1:30-да үйіне қайтып бара жатқанда есінен танып, сол жерде қайтыс болған. Жұмыс беруші компания оның өлімін растады, бірақ қыздың өлімінің себебін ресми түрде хабарлаған жоқ.
"Жұмақта тиісті уақыттан артық жұмыс істемеймін деп үміттенемін", - деп жазған қыз желідегі соңғы жазбасында.
Оның соңғы ауысымы қанша уақытқа созылғаны белгісіз. Қытайлық компания жұмысшылары кеңседе таңғы 11-ден кешкі 11-ге дейін демалыссыз отырады деген мәлімет бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс уақыты сағат сегізде аяқталады екен.