Коронавирустың басты белгілерінің бірі - иіс сезбеу қалу. Таяуда зерттеушілер коронавирустың кесірінен иіс сезу қабілетінен айырылғандарға қатысты зерттеу жүргізді, - деп жазады Onlinelibrary.
Еуропалық 18 ауруханада 2581 пациент қатысқан тәжірибелік сынақта 85,9% коронавирустың жеңіл түрін жұқтырғандар, 4,5% жағдайы орташа науқастар және 6,9% жағдайы ауыр пациенттер иіс сезбей қалғандарын айтқан. Пациенттердің айтуынша, иіс сезбей қалу ұзақтығы орта есеппен 21,6 күнді құраған. Алайда індетті жұқтырғандардың төрттен бірі 60 кұннен кейін де иіс сезбегендерін айтқан.
Париждегі Сакле университетінің профессоры, медицина докторы, PhD, MS, зерттеудің жетекші авторы Джером Р. Лечиен иіс сезбей қалу коронавирустың жеңіл түрінде жиі кездесетінін айтады. Науқастардың 95%-ында иіс сезу қабілеті 6 айдан соң қалпына келген.