56 жастағы ер адам мәйітханадағы тоңазытқышта үш күннен соң тіріліп кетті, деп жазады VRK.News.
Оқиға Ресейде Нижегород облысында болған. Бұны көрген аудандық мәйітхана қызметкерлерінің зәресі ұшқан.
Виктор Самохвалов журналистермен сөйлесуден бас тартқанымен, бірнеше күннен соң өзін суретке түсірмеуді талап етіп байланысқа шыққан.
«Мен өзімді нашар сезіндім. Он жыл жүрегім ауырды. Көршіме хабарласып, көмекке шақырдым, есік аштым, жедел жәрдем шақыруға тырыстым. Ары қарай не болғаны есімде жоқ. Есімді жисам, мұздай мәйітханада жатыр екенмін…. Қатты қорқып кеттім. Есіктен шығып, санитарларға барғанымда олар шошып кетті», – дейді ер адам.
Мұндағы барлық дәрігерлер бұндай жағдай алғаш рет болып отырғанын айтады.
«Біз бұндай жағдайлар туралы естігенбіз. Дәрігерлер адамды өлдіге санап, мәйітханаға жібергенде тіріліп кететіндер болады. Бірақ бұндай жағдайлар сирек болады. Тоңазытқышта үш күнге сау адам да шыдамайды. Сондықтан бұл ғажап құбылыс деп есептейміз», – дейді мәйітхана қызметкері.