WhatsApp әзірлеушілері мессенджерді пайлалану келісімін жаңартты. Енді оған жеке деректерді Facebook корпорациясына беруге келісу пункті қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
Келісімде Facebook корпорациясының бөлігі ретінде WhatsApp корпорациядағы басқа қосымшалармен пайдаланушының мәліметтерін бөлісетіні туралы жазылған. Бұл пайдаланушының әдеттері мен қалауын талдау туралы ақпарат үшін керек.
WhatsApp мұны былай түсіндіреді: бұл мәліметтер пайдаланушылардың қалауын ескере отырып, жеке жарнама сервисін жақсарту үшін керек.
Әзірлеушілер әлеуметтік желілердің өзара интеграциясы пайдаланушылардың мүмкіндігін арттырады делінген. Facebook корпорациясына Instagram желісі мен Facebook Messenger кіреді. Әзірлеушілер жинап жатқан мәліметке геолокация, әлеуметтік желідегі белсенділік және корпорация бағдарламаларын смарфоннан өшіріп тастау туралы ақпараттар кіреді.