Қырғыз Республикасында президенттік дода аяқталды. Оның алдын ала қорытындысы белгілі болды: мемлекет басшысының міндетін атқарушы Садыр Жапаров алға озды.
Көршінің Сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі орталық комиссиясы бүгін, 10 қаңтарда өткен мемлекеттік маңызды науқанның – ел президентін сайлаудың алдын ала қорытындыларын жария етті.
Қырғыз заңнамасына сәйкес, ел басшылығын қолына алуы үшін кандидаттардың бірі дауыс бергендердің жалпы санының жартысынан – 50%-ынан астамының дауысын жинауы тиіс.
Жалпы алғанда, 3 миллион 563 мың 574 қырғызстандыққа дауыс беру құқығы ұсынылды: осынша адам саусақ таңбасы секілді биометриялық деректерін тапсырған.
Жалпы алғанда, бүгін Алатаудың арғы баурайындағы ағайын елдегі барлық сайлаушылардың 50,61%-ы өз таңдауын жасады. Бұл ретте олардың дауысын мейлінше көп жинаудан 17 кандидат үміттенді.
Қырғыз ОСК мәліметінше, сайлауға үміткерлер жалпы сомасы 124,7 миллион сом (шамамен 631,3 миллион теңге) шығындаған. Соның ішінде ең көбі 67,2 миллионы – С.Жапаровқа тиесілі.
Сонымен, Қырғызстандағы президент сайлауының алдын ала қорытындысы келесідей: