Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилль (1874-1965) салған және шамамен £500 мың (677 мың доллардан астам) бағаланған «Марракештегі көрініс» картинасы ағылшын аукционына қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Автор британдық фельдмаршал Бернард Монтгомериге сыйға тартқан (1935) картина алғаш рет саудаға шығарылды.
Уинстон Черчилль алғаш рет 1935 жылы Мароккоға барып, Африка елінің пейзаждарына тамсанған. Кейінірек ол жаққа бірнеше рет қайта барып, әскери оқиғаларды еске түсіріп, сурет салған. Бір кездері Sotheby ' s аукционында оның «Марокконың Тинхерир қаласының көрінісі» картинасы 612,8 мың фунт стерлингке (1,24 миллион доллар) өткен.
Былтыр қараша айында осы аукционда £983 мыңға ($1,29 млн) «Құмғандар мен бөтелкелер» картинасы сатылды.
Черчилль қырық жасында сурет салуға қызығушылық танытып, өмірінің соңына дейін 500-ден астам картина салып үлгерген.