Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі директоры Майкл Райан коронавирустың екінші жылы ауыр болуы мүмкін екенін айтты.
"Коронавирус пандемиясының екінші жылы басталды. Коронавирустың таралу қарқынын ескерсек, биыл ахуал былтырғыдан да ауыр болуы мүмкін. Әсіресе Еуропа мен Солтүстік Америкадағы жағдай күрделі. Ауа райының қолайсыздығынан коронавирус өршіп барады", - деді ДДСҰ төтенше жағдайлар жөніндегі директоры Майкл Райан.
Оның айтуынша, соңғы екі аптада коронавирусқа шалдыққандар саны күрт өсіп, рекордтық көрсеткішке жеткен.
Соңғы аптада әлемде 5 миллионға жуық адам коронавирус жұқтырса, оның 85 мыңнан астамы қайтыс болған. Науқастардың басым бөлігі Солтүстік, Оңтүстік Америка және Еуропа елдерінің тұрғындары.
Бұған дейін Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті, медицина профессоры Алмаз Шарман Қазақстанда коронавирусты жұқтыру 2 наурызда шарықтау шегіне жететінін айтқан болатын.