Бүгін еліміздегі  3 қалада ауа ластанады
Бүгін еліміздегі  3 қалада ауа ластанады
5,192
оқылды
«Қазгидромет» РМК 16 қаңтар күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады. Кәсіпорынның мәліметінше, сенбі күні еліміздің үш қаласында – Теміртау, Өскемен және Балқашта қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін. Өзге шаһарларда метеоахуал  бірқалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.