Олардың 2 млн-нан астамы кеселден көз жұмды. Джонс Хопкинс университетінің мәліметі осындай.
67 млн тұрғын дертінен құлан таза айығып шыққан. Әлем бойынша бұл аурудан келетін өлім-жітім көрсеткіші 2,1 процентті құрайды. Індет құрбандары АҚШ, Бразилия, Үндістан, Мексика мен Еуропа елдерінде ең көп тіркелген. Көрші Ресейде де жағдай мәз емес. Соңғы тәулікте 500-ден астам науқас өмірімен қоштасқан. Індет жұқтырғандар саны бойынша алғашқы үштікте АҚШ, Үндістан мен Бразилия тұр.