Израильде вакцина салдырған 13 адамның беті сал болып қалды
Израильде вакцина салдырған 13 адамның беті сал болып қалды
192
оқылды
Израильде кем дегенде 13 жергілікті тұрғын Pfizer вакцинасының алғашқы дозасын салдырғаннан кейін беті біржақты сал болып қалғанын байқаған, - деп хабарлайды NEWSru.co.il Дереккөздің хабарлауынша, вакцина салдырғандардың бірі бірнеше минут өткен соң иек пен аузында біртүрлі сезім пайда болғанын айтқан.
"Мен онымен кем дегенде 28 сағат жүрдім. Ол мүлдем жоғалып кетті деп айта алмаймын, бірақ менде басқа ауырсыну жоқ", - деп келтіреді ер адамның сөзін жергіліті "Едиот Ахронот" газеті.
Бет жүйкесі невриті немесе Белл сал ауруы - клиникалық зерттеулердің үшінші сатысында Pfizer вакцинасын салдырған адамда пайда болатын белгілі кері әсерлердің бірі.
Осындай кері әсерлерге қарамастан, Израиль Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті тұрғындарды препараттың екінші дозасымен вакциналауды ұсынып отыр. 17 қаңтардағы мәліметтерге қарағанда, Израильде пандемия басталғалы 548 332 адам коронавирус жұқтырған. 4005 науқас қайтыс болды. Елде жаппай вакцина салу 20 желтоқсанда басталды.