8 қызметтесін атып өлтірген сарбаз Шамсутдинов 24,5 жылға сотталды
8 қызметтесін атып өлтірген сарбаз Шамсутдинов 24,5 жылға сотталды
5,260
оқылды

Ресейдің Чита соты 8 қызметтесін атып өлтірген сарбаз Рамиль Шамсутдиновты 24,5 жылға соттады. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді, - деп жазады ТАСС.

Мерзімді әскери қызметтегі  сарбазды екі бап  - «Екі және одан да көп адамды өлтіру» және «Екі адамды өлтіруге оқталу» бойынша кінәлі деп таныған. Сотта шыққан үкімде ол өмір бойына сотталмайтыны, оған кешірім жасалатыны айтылған. Айыптаушы тарап оны 25 жылға соттауды сұрады. Қорғаушы тарап жазаның тым қатал екенін айтқан, алайда оған шағым жасалатыны әзірге белгісіз.

2019 жылы қазанда Шамсутдинов Горной ауылындағы 54160 әскери бөлімінде қызметтестеріне оқ жаудырған. Ол сегіз адамды өлтіріп, екеуін жарақаттаған.  БАҚ-та бұған сарбазға көрсетілген әлімжеттік себеп болғаны жазылған.  Қорғаныс министрлігі бұны жоққа шығарды.  Ведомство өкілдері сарбаз  жүйкесінің сыр беруіне байланысты осындай қадамға барған деп есептейді.

Кейін әлеуметтік желіде Рамиль Шамсутдиновтың болған іске өкінетіні туралы ашық хаты жарияланды.  Ол қаза тапқандардың туған-туыстарынан кешірім сұраған.