БҰҰ-ның бас хатшысы коронавирусқа қарсы екпе салдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол препараттың алғашқы дозасын Нью-Йорктегі мектептердің бірінде орналасқан вакциналау орталығында алды. Антониу Гуттерриш бұл мүмкіндікке алғашқылардың бірі болып жасы 65-тен асқан азамат ретінде қол жеткізді.
Нью-Йоркте егде жастағы тұрғындарға осындай құқық берілген. Сондай-ақ вакциналау жоспарына сәйкес, коронавирусқа қарсы препарат мұғалім, полицей және көлік қызметкерлеріне салынып жатыр.
Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:
– Мен Нью-Йорк билігіне, медицина қызметкерлері мен осы мектеп басшылығына алғыс айтамын. Өзгелерді де мүмкіндігін жіберіп алмай, екпе салдыруға шақырамын,– БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш.
Бұған дейін БҰҰ-ның бас хатшысы Оксфам бірлестігінің баяндамасын жария еткен болатын. Оған сәйкес, әлемнің ең ауқатты 10 миллиардерінің ақшасы бүкіл әлемдегі вакциналауды қаржыландыруға жетеді екен.