Қытайлық ғалымдар ағзаның қартаюына жауап беретін генді анықтай алды, деп хабарлайды zakon.kz.
Ғалымдар жасушаларды жасарту бойынша эксперимент жүргізген. Kat 7 атты генетикалық тәжірибе тышқандарға жүргізілді.
Біздің тәжірибелерімізде генетикалық терапиядан өткен сынақ тышқандарының өмір сүру ұзақтығы 25% - ға артты. Сонымен бірге тышқандар сау және белсенді бола бастады", – деп атап өтті ғалымдар.
Келесі қадам приматтарға арналған сынақтар болуы керек. Егер олар сәтті болса, онда ғалымдар өздерінің тәжірибесін адамдарда сынайды, бірақ бұл процедураның қауіпсіздігіне 100% сенімді болған кезде ғана болады.