Әнес Сарай Ұлттық пантеонға жерленетін болды
Әнес Сарай Ұлттық пантеонға жерленетін болды
174
оқылды

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Көрнекті жазушы, ақын, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әнес Төлендіұлы Сарайдың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Қарымды қаламгер республикалық газеттер мен баспада және Қазақстан Жазушылар одағында еңбек сіңірді. Ұзақ жылғы шығармашылық жолында тарихи, әдеби-зерттеу туындыларын тарту етті. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – делінген көңіл айту жеделхатында.

Жазушы, драматург Әнес Сарай Ұлттық пантеонға жерленетін болды.