2020 жылы қазанда Apple iPhone 12 mini, iPhone 12, iPhone 12 Pro және iPhone 12 Pro Max кіретін iPhone 12 ұялы телефондар желісін қолданысқа ұсынған болатын.
IPhone 12 mini өндірісі 2021 жылдың екінші тоқсанында тоқтауы мүмкін.
iPhone 12 mini 5,4 дюйм OLED дисплейімен жабдықталған және компаниядағы ең арзан смартфон. Алайда бағасының төмендігіне қарамастан iPhone 12 mini ең аз сатылған модель. Оның сатылымы 6 пайыз ғана болған.
Инвестициялық ұйымның сараптамасы бойынша iPhone 12 және iPhone 12 mini өндіру 11 миллионға азайюы мүмкін. Сондай-ақ ол iPhone 12 mini-ге нарықта сұраныс аз екенін және әлемдік сатылым көрсеткіші тым төмен екенін растады. Сарапшы түрлі дереккөзге сілтеме жасап Apple бұл телефонды 2021 жылдың екінші тоқсанында шығаруды тоқтататынын айтты.