Көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға 327 млрд теңге бөлінеді
Көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға 327 млрд теңге бөлінеді
206
оқылды

Атаулы әлеуметтік көмек алып отыратын отбасылардың еңбекке жарамды мүшесі міндетті түрде жұмысқа орналасуы тиіс. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елордадағы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында аталған тақырыпты тарқатып айтып берді.  

«Мүгедек жандарға, еңбекке жарамды болғанымен оқуда жүрген және күтіммен айналысып жүрген кісілерге мұндай талап қойылмайды. Яғни, үш жасқа дейінгі баланы немесе отбасында мүгедек туысын қарап отырған адамға, отбасында ересектерінің бірі бірінші және екінші топтағы мүгедек болса, күтімді талап ететін қариясы болса – онда жұмысқа орналасу бойынша мұндай санаттағы азаматтарға шарт болмайды», – деді министр.

Б.Нұрымбетов 2020 жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге, атаулы әлеуметтік көмек пен кепілдік берілген әлеуметтік топтама төлеуге 327 миллиард теңге көзделгенін айтты.