Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қарағанды облысында алдағы екі күнде қар жауып, тұман, бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші – 15-20 м/с, екпіні – 23-28 м/с.
Павлодар облысында екі күн үздіксіз қар жауады. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады. Боран соғады.
Маңғыстау облысында күндіз қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.
Ақтау қаласы мен Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады.
Атырау облысында күндіз қар жауады. Бұрқасын, көктайғақ, боран болуы ықтимал.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл облысында қар жауады.