Татарстан тұрғыны аты-жөнін Ресей Президенті деп өзгертті, деп хабарлады Mash Telegram-каналы.
2020 жылдың жазында ол Ирина деген есімін Россия, Калимуллина деген тегін— Президент деп өзгерткен. Енді оның есімі — Президент Россия Викторовна.
39 жастағы әйел — Башқұртстан тұрғыны. Тұрмыста болған. Қазір ата-анасымен бірге Зеленодольск қаласында тұрады.