Тізімде барлығы 440 қала бар.
Numbeo статистикалық ресурсының сарапшылары әлемнің ең қымбат қалаларының рейтингісін жасады.
«Өмір құнының индексін» есептеу дүкендер мен мейрамханалардың бағасына, көлікте жол жүру бағасына, коммуналдық қызметтерге, сондай-ақ халықтың сатып алу қабілетіне сүйене отырып жүргізілді. Тізімде барлығы 440 қала бар.
Алғашқы бестікте Швейцария қалалары орналасқан: Цюрих, Базель, Лозанна, Женева және Берн. Ал алдыңғы ондыққа норвегиялық Ставангер, Осло, Тронхейм, Берген және исландиялық Рейкьявик қалалары кірді. 251-ші орынға ие болған Мәскеу Ресейдегі ең қымбат қала атанды.
Рейтингте екі қазақстандық қала бар. Нұр-Сұлтан 386-шы орынды, ал Алматы - 389-шы орынды иеленген. Қырғызстан астанасы Бішкек 410-ші орынға, ал Ташкент 413-ші орынға жайғасты.