Қазақстандық боксшы қыздар Болгариядағы халықаралық турнирдің финалына шықты
Қазақстандық боксшы қыздар Болгариядағы халықаралық турнирдің финалына шықты
5,155
оқылды

Софияда өтіп жатқан «Странджа – 2021»  халықаралық бокс бәсекесінде Қазақстан құрамасының үш боксшысы финалға жолдама алды. Бұл жайында Оlympic.kz хабарлады.

Атап айтқанда, Ангелина Лукас, Надежда Рябец және Валентина Хальзова Софияда чемпиондық атақ үшін жұдырықтасады.

Сондай-ақ жартылай финалда жеңілген Карина Ибрагимова жарыстың қола жүлдегері атанды.