Коронавирус пандемиясы 2021 жылы аяқталмайды – ДДСҰ
Коронавирус пандемиясы 2021 жылы аяқталмайды – ДДСҰ
202
оқылды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясы 2021 жылдың соңында аяқталады деп айтуға әлі ерте деп есептейді. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

«Біздің байқауымызша, вакцинация коронавирусқа біртіндеп әсер етіп жатыр. Алайда қазір жыл соңына қарай коронавирусқа қарсы күрес аяқталады деп айтуға әлі ерте», – дейді ДДСҰ төтенше жағдайлар бойынша бағдарламалар директоры Майкл Райан.

ДДСҰ бас ғылыми қызметкері Сумья Сваминатан да осындай пікірді ұстанады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта ұйым вакцинация «жыл соңына қарай ауруханаға жатқызылған науқастар санын, өлім-жітім көрсеткішін төмендетуге мүмкіндік береді» деп болжауда.