Бүгін ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр, қар жауады. Тек қана оңтүстік-шығыс, орталық және солтүстік-шығыста антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.
Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Солтүстік-батыс пен солтүстікте жел екпіні 23-28 м/с болады.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 25 м/с болады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.
Жамбыл, Қарағанды, түнде Атырау, Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, Шығыс Қазақстанда жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыс Қазақстанда боран соғады.
Қызылорда облысында тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтөбе облысында тұман түсіп, түнде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, соңы боранға ұласады.
Алматы облысында тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл аймағында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.