Ертең Маңғыстауоблысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. Кей жерлерде 23-28 м/с шаңды дауыл болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді.
Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Қызылорда облысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Түркістан облысында желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.